Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да туған қызына жыныстық мәндегі зорлық көрсеткен еркек сотталды

Батыс Қазақстан облысында қызына жыныстық мәндегі әрекеттер жасалды деп айыпталған ер адам сотталды.

8465a05de7fd5ffa55af7bba4e6e8fb6

Сурет v-kurse.ru

“2015 жылдың қараша айында кәмілеттік жасқа толмаған қызына жыныстық әрекеттер жасаған ер адамның әрекеті есепке алынған болатын. Үш жыл бойы әкесі қызына түрлі жыныстық әрекеттер жасап, зорлап келген”, – деп хабарлады БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

30 наурыз күні аудан аралық мамандандырылған сотының үкімімен педофил әке 7 жылға бас бостандығынан және 10 жыл бойы белгілі бір жұмыспен айналысу құқығынан айырылды. Үкім әлі күшіне енген жоқ.

Талқылау