Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қолында пышақ болған: БҚО-да төбелес шығарған екі полицей қызметінен қуылды

Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы желіде тараған полицейлердің төбелесінің видеосына қатысты тексеру жүргізді.

Қолында пышақ болған: БҚО-да төбелес шығарған екі полицей қызметінен қуылды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Куәгерлер полицейлердің төбелесін видеоға түсіріп алып, желіде таратып жіберген. Видеода азаматтық киімдегі екі ер адамның көлікте отырған полицейге тап бергені көрінеді. Төбелес кезінде олардың бірінің қолында пышақ болған.

«Төбелескендердің екеуі полиция қызметкері екені анықталды. Тексеру барысында анықталғандай, екі қызметкердің арасында аяқ астынан дау туындаған. Оған бір-біріне деген жақтырмаушылық қарым-қатынасы себеп болыпты», - дейді облыстық полиция департаментіндегілер. 

Департаменттің тәртіптік комиссиясы тексеру жүргізгеннен кейін, полиция қызметкерлерін ішкі істер органдарындағы қызметінен босату туралы шешім қабылданды.

Талқылау