БҚО-да шенеунік желіде тарап кеткен даулы видеодан кейін қызметінен кетті

БҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік төрағасы Мұрат Оспанов желіде өзінің қатысуымен тарап кеткен даулы видеодан кейін қызметінен кетті.

Мұрат Оспанов

Бұл туралы «Мой Город» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

12 сәуірде YouTube желісінде «Облыстық ТМРА облыстық департаментінің басшысы клубта 100 пайызға көңіл көтеруде» атауымен видео тарап кетті. Видео Оралдағы «Эльдивино» түнгі клубында түсірілген. Видео кадрларынан екі күзетшінің шенеунікті қолынан сүйреп залдан алып бара жатқанын және жерге құлатып алғанын көруге болады. Мұнан кейін Оспанов орнынан тұрады.

Ал Оспановтың өзінің айтуынша, сол кеште жағдайы нашарлап, есінен танып қалған. Күзетшілер оған «холлға шығуға көмектескен».

«Қоғам тыныштығын бұзатын, заңға қайшы әрекет жасаған жоқпын. Ішімдік ішіп, есірткі шекпедім. Сонымен қатар бейәдеп сөздерге жол берген емеспін. Өзімді барынша сабырлы ұстадым. Десе де ол жерде қандай жағдай болғанын білмейтін желі қолданушылары мен БАҚ-тар жағдайды өзгеше көрсетіп, абырой-беделіме нұқсан келтіруі мүмкін», – дейді Мұрат Оспанов.

Ал Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі департаментінің БҚО бойынша департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, Мұрат Оспановқа қатысты тәртіптік іс қозғалып, қызметтік тексеріс басталған.

«2018 жылдың 18 сәуірінде мемлекеттік қызмет істері жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тарапынан хат келді. Онда министрліктің жауапты хатшысының бұйрығымен Оспановтың өз еркімен қызметінен кеткен жазылған», – делінеді хабарламада.

Оқи отырыңыз:

Көлсайдағы тау көшуінің куәгері: Тау бөлініп, гүрілдеген дауыс қоса естілді (фото)

Міндетімнен тыс жұмысқа «жегіліп», директордан қысым көрдім: Шымкенттік мұғалім мектеп директорын сотқа берді

Петропавлда екі қабатты тұрғын үйдің қабырғасы опырылып қалды

Қостанай облысында түрмеде жазасын өтеп жатқан қылмыскер түрме қызметкерін соққыға жықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар