Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да ресейлік тауық етінің құрамынан сальмонелла бактериялары табылды

Құрамынан сальмонелла бактериялары табылғандықтан Ресейдің үндік пен тауық еті өнімдерін БҚО-на жіберуге тыйым салынды.

10582164

Санитарлы-эпидемиологиялы сараптама нәтижесінде “СПК Курников” ЖШС-нің қатырылған үндік еті құрамынан фатогенді микрофлора (сальмонелла) табылды. Бұл бактерия түрі ағзадағы мезофильді-аэробты қоздырады. Сондай-ақ, өнімнің жазылу сипаттамасында да олқылықтар табылған.

БҚО бас дәрігерінің дәйектері бойынша аталған өнім түрлеріне уақытша шектеу қойылды.

Еске сала кетейік, Қазақстанда Ресейдің “Благояр” мен “Мясоптицекомбинат” өнімдеріне, Шелябин облысының “Нагайбакский птицеводческий комплекс” ЖШС-нің, “Юбилейное” өндірісінің тауық еттеріне тыйым салынған болатын. Бұл өнім құрамынан да сальмонелла бактериясы және сұйықтық мөлшерінің көптігін анықталған.

Талқылау