БҚО-да митингке қатысушылар алкоголь таратып төбелес ұйымдастырмақшы болған
Батыс Қазақстан облысында да жаппай тәртіпсіздіктің жолы кесілді. Оны “Абырой” қоғамдық ұйымының көшбасшылары ұйымдастырмақ болған деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Сурет Азаттық
Олар адамдарды жер мәселесіне қатысты бейбіт шеруге қатысуға шақырған. Ал өздері арандату әрекеттерін ұйымдастырып, төбелес ашпақшы болыпты.
Қазақстанда да тәртіпсіздік украиналық сценаримен өрбімекші болған. Қатысушылар тіпті офистерінде Украин туы мен түрлі атрибуттар сақтаған. Олар өзара жазысқан хабарламаларында халықты “меңіреу”, “топас”, “мал” деп атаған. Жер тағдырына шын алаңдаған азаматтар жалған жанашырлардың арандату әрекетіне ілесіп кетуі әбден мүмкін еді.
“Абыройлықтар” өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін алкогольдік сусындар, қарулар дайындап, қатысушыларға таратпақшы болыпты. Осылайша олар бейбіт шерудің соңы қантөгіске ұласқанын қалаған. Қазіргі таңда ұйымның бір мүшесі қамауға алынған.
Талқылау