Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да мемлекеттік мекемелер жылуға 300 млн теңгеден астам қарыз болып шықты

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев  мемлекеттік мекеме басшыларына коммуналды шығынды жабуды бұйырды.

ногаев

Облыстық әкімдіктің отырысында БҚО-ның әкім орынбасары Нұрлан Төрғалиевтың жетекшілігімен мемлекеттік мекемелердің қарызы талқыланды, деп хабарлады mgorod.kz.

Отырыста мелекеттік мекемелердің жылыту үшін миллиондаған қарызы бары анықталды. Бірақ нақты қандай мекемелер қарыз екені белгісіз. Жиналысқа қала мен облыс басқармасының басшыларының барлығы жиналды.

-Бүгінде үш облыстық басқармада қарызы бар. Өткенде төлейміз деп, төлемеген. Неге бұларды ешкім бақыламайды. Біздің облыс бойынша  республикалық ұйымдардың тек біреуі ғана төлеген. Ал қалалық мекемелердің 5-6 ғана қарызын өтеген. Барлықтарың осы сұрақты бақылауға алуларыңды сұраймын», -деді әкім орынбасары Нариман Төреғалиев.

Сонымен қатар, жылуға қараша мен желтоқсан айларына қалалыққа қарайтын облыстық мекемелер  қарызы 135,7 млн теңге құрады. Ал облыстың қарызы – 119 млн теңге болса, республикалық бюджетке – 46,84 млн теңге қарыз.

Осы жылдың маусым айында АҚ «Жайықжылуқуат» өз жұмысын үш күнге тоқтатқан. Олар АҚ “ҚазТрансГаз аймаққа” миллиардтаған қарызы бар.  АҚ «Жайықжылуқуат» АҚ«ҚазТрансГаз аймақтан» газдың 1000 кубометрін  16 мың теңгеге сатып алып отырған. Ал тұрғындарға қызметін 1000 кубометрін  12 мың теңгеге көрсеткен.  Содан үлкен қарызға батқан. Сол кезде облыс басшысы «ҚазТрансГаз аймақ» басшысымен қарызды өтеу жөнінде келісім жасап, қарызды өтейтін кесте құрған.

Осының салдарынан АҚ«Жайықжылуқуат» тарифті 1000 кубометрін  16 мың теңгеге қойды.

Талқылау