БҚО-да мүгедек жан Сирияға соғысқа аттанбақ болған

Дүйсенбі, 18 Қаңтар , 2016 9:40

БҚО Жаңақала ауданының тұрғыны бірінші топтағы мүгедек Айбек Жолаев Сирияға соғысуға кетпек болған жерінен ұсталды. Құқық қорғаушылардың айтуынша, ол бұған дейін де Таяу Шығыстағы радикалдарға бір рет қосылмақ болған екен.

сирииии

Бұл туралы  skifnews.kz сайты хабарлайды.

Алайда, ол кезде қауіпсіздік қызметінің өкілдері оны шекарадан өткізбей, денсаулығына байланысты қамауға алмаған екен.

Мүгедектер арбасымен қозғалатын Айбек Жолаев алғашқыда Астрахань қаласынан Түркияға ұшпақ болған жерінен үйіне қайтарылған. Екінші рет Ақтаудан Стамбулға ұшпақ болғанда тәртіп сақшылары оған бөгет болды деп хабарлайды “Уральская неделя” газеті.

Айбектің анасы “Орал өңірі” газетінің тілшілеріне берген сұхбатында ұлының өзгелердің көмегінсіз тамақ та іше алмайтындығын айтады. Бірақ, мүгедек ұл зейнетақысынан тықпыштап жүріп, ұшаққа билет сатып алыпты. Онымен бірге ауылдасы Нұрлыбек Тұрарбекұлы деген азамат та аяғы ауыр әйелі мен кішкентай ұлын Сирияға алып кетпек болған. Оны сол Айбек Жолаев радикалдық бағытқа үгіттепті. Қазір екеуі де тергеу абақтысында. Ал, олардың тағы бір ауылдасы Айболат Ғабитов Сирия шекарасынан өтіп үлгерген.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар