Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да құдыққа құлаған оқушы суықта бір шақырым жердегі үйіне жаяу қайтып, ауруханаға түсті (видео)

Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданында 5-сынып оқушысы ашық тұрған құдыққа түсіп кетті.

Құдық ауылдарды сумен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша биылғы жазда салынған болатын, – деп хабарлайды«Уральская неделя» басылымы.

Қараөзен ауылында тұратын 11 жастағы бала сағат 11-лер шамасында мектептен  қайтып келе жатқан. Құдықтың бетін қар жауып қалғандықтан, оның ашық болғанын байқамаған.

Құдыққа түсіп кеткен оқушыны  аула сыпырушы мен маңайда өтіп бара жатқан ер адам алып шыққан.

Үсті-басы су болған оқушы оқиға болған жерден бір шақырым қашықтықта орналасқан үйіне жаяу қайтқан. Әбден жаурап қалған баланы үйіндегілер бірден ауруханаға алып барған.

Баланың денсаулық жағдайы анықталуда. Жергілікті тұрғындар ауылдарды сумен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша салынған құдықтың қоршалмағанына, беті жабылмағанына наразы.

Оның адам көп жүретін жерде – мектеп пен мәдениет сарайының жолында  орналасқанын айта кеткен жөн.

Оқи отырыңыз:

Баян Есентаева атышулы Ақбота Сейітмағамбеттің сұлулығына тамсанды (фото, видео)

Айнұр Тұрсынбаевадан жеңіліп қалған ақын Төреғалидың сынына жауап берді

Танымал италиялық әнші қазақ қыздары туралы: Қыздар қымбат көлік пен қалтаға қарайды

Жаңа көйлегін көрсетіп мақтанған Ерке Есмаханды желі қолданушылары сынап тастады (видео)

 

Талқылау