Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көңілдесін өлтіруге күдіктелген әкімнің жүргізушісінің әйелі осы жайлы айтып берді

БҚО-ның Теректі ауданында көңілдесін өлтірмек болды деп күдіктелген әкімнің көлік жүргізушісінің әйелі мен ауыл тұрғындары осы оқиға туралы айтып берді.

v-ulyanovske-muzhchinu-ubil-zhenschinu-obviniv-ee-v-zarazhenii-ego-vich_1

Сурет: newstes.ru 

Бұл туралы Мой город хабарлайды.

Бұған дейін облыстағы Теректі ауданының әкімі көңілдесін өлтірді деген күдікке ілініп, оны өлтіруге киллерді әкімдіктен тапқанын хабарлаған едік.

Бейіметтің әйелі Исмағамбетова Гүлмаржанның айтуынша, оның күйеуі 10 мамыр күні полицияға барып Теректі ауданының КТШ басшысы Қажымұратовпен бірге бұрынғы әкімнің көңілдесіне шабуылдағанын айтпақ болып қалаға кеткен.

Гүлмаржанның сөзінше, оған Қажымұратовтың әйелі хабарласып, бір жерде кездесуін сұраған екен. Алайда Гүлмаржан ешқайда бармапты.

«Біз Федеровка ауылынан Шағатайға жақында көшіп келгенбіз. Күйеуім бұрын басқа жерде жұмыс істеген. Сосын Қажымұратовтың жүргізушісі болды. Бейімбеттің онымен ешқандай достық қатынасы болмаған. Олар тек әріптес ретінде ғана араласқан. Біз осында көшіп келгенде, бізге мемлекеттік бағдарламаман үй берген. Ал, күйеуімді айтқанды орындамаса үйден шығарып жібереміз деп қорқытқан-қорқытпағанын білмеймін. Мен күйеуімнің адам өлтіруге баратынына сенбеймін. Біздің үш баламыз бар. Ол отбасында ақша тауып отырған жалғыз адам», – дейді ол.

«Оны қорқытқан жоқ, керісінше бұрынғы әкімнің көңілдесін өлтірсе, сыйақы беретінін айтқан», -деген еді ауыл тұрғынының бірі.

Ауыл тұрғындары бұрынғы әкімнің көңілдесі делінген Крестина Салемгерееваның аудандық әкімдікте жұмыс істегенін, олардың сол жерде танысқанын, алайда Крестинаның 20 шақырым жердегі Богановка ауылында тұратынын айтады.

«Ауылда ешкім әкім мен көңілдесі жайында білген жоқ. Бұл әсіресе Серікқалиевтің әйеліне ауыр соққы болды. Ол мұны ести салысымен қыздарын алып, одан кетіп қалған. Олар ауылда үлкен үйлері болғанымен мұнда тұрмайтын. Үнемі қалада болатын. Осы даудан кейін КТШ басшысының әйелі де ауылда көрінбеді», – дейді ауыл тұрғыны Лидия.

Талқылау