Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да көңілдесін өлтірмек болған шенеунік киллерді әкімдіктен тапқан

Батыс Қазақстан облысында ашынасын өлтіруге тапсырыс берген әкім қамауға алынды. Теректі ауданының басшысы Жеңіс Серікқалиев бұл қылмысты жасау үшін өз қоластындағы қызметкерлерге жарты миллион теңге ұсыныпты, – деп хабарлайды ктк арнасы.

IMG_2733-

Айыптаушылардың айтуынша, жәбірленуші келіншек әкімнен 2 жасар қызының заңды әкесі екенін мойындауын талап еткен. Тіпті атқамінерге қысым көрсетіп, қызметіне нұқсан келтіремін деп қорқытқан көрінеді. Бұл ақпараттың жұртқа жайылып кетпеуі үшін әкім аудандық коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй бөлімінің басшысы Қажымұратовқа 500 мың теңге үшін адам өлтіруді ұсыныпты. Келіспеген жағдайда мемлекет берген баспанасын тартып алып, жұмыстан қысқартатынын жеткізген. Сондықтан шенеунік ақпан айының соңында жүргізушісін қасына алып, келіншекті пышақтаған. Алған жарақаттардан Кристина Сәлімгереева 2 күн жансақтау бөлімінде жатқан. Қазір осы іске қатысы бар тұлғалардың барлығы қамауға алынды.

«Серікқалиев аса ауыр қылмыс жасауға оқталғаны үшін айыпталуда. Оның кінәсін дәлелдейтін барлық айғақтар жиналған. Сондықтан тергеу уақытында ол 2 ай мерзіміне қамауға алынсын. Ол тағылған айыптарды мойындап отырған жоқ», – дейді судья Сұлуханым Қадырәлиева.

Талқылау