Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да көңілдесін балтамен ұрып өлтірген әйел 10 жылға сотталды

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Э.Белкина ҚР ҚК 99-бабы 1-бөліміне (адам өлтіру) айыпты деп танылып, 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтеу жөнінде шешім шықты.

v-bashkirii-zhenschina-ubila-sozhitelya-pyatyu-udarami-toporom-po-golove_1

Сурет: newstes.ru 

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, арақ ішу барысында сотталушы мен онымен бірге тұратын көңілдесі М.Дәулетәлиев арасында келіспеушілік туындаған. Көңілдесі балағат сөздер айтып, боқтаған. Сол кезде сотталушы итеріп жіберіп, М.Дәулетәлиев еденге құлағанда, балтамен басынан ұрған. Соның салдарынан ол ауруханада көз жұмған.

Сот үкімді шығарған кезде аталған бапқа сәйкес 8 жылдан 15 жылға дейінгі жаза мөлшерінде прокурордың ұстанымын, қылмысты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескерді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау