Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да қоқыс контейнері көліктен құлап, аяғы ауыр келіншекті жарақаттады

5 сәуір күні күндізгі 11:00 шамасында қоқыс таситын көліктен темір контейнер құлап, аяғы ауыр келіншекке түскен. Салдарынан әйелдің аяғы мен қолы сынып аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

жәшік

Бұл туралы «Мой Город» сайты жазған.

Бурлинск ауданының ІІБ-нің баспасөз қызметі  қоқыс тасмалдайтын көлік «Ақсайлогистик» ЖШС тиесілі екені жайлы ақпарат берген

“Оқиға болар алдында қоқыс контейнеріне келіншек жақындап келген, жұмысшылардың ескертуіне қарамастан ол қолындағы бір сөмке қалдықты тастамақшы болған. Сол сәтте оның үстіне  қоқыс көлігіне ішіндегісі аударылып жатқан темір контейнер  құлап кетеді. Көліктің контейнерді ұстайтын темірі сынып кеткені анықталған. Бірден жеделжәрдем шақыртылып, келіншек ауруханаға жөнелтілді”,-делінген Бурлинск ауданына қарасты ІІБ-нің баспасөз баяндамасында.

Дәрігерлер келіншектің аяғы мен қолы сынғанын анықтаған. Ол аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр.

«Еңбек» ТКҚ жетекшісі Нүрия Егізованың айтуынша зардап шеккен келіншек сол маңдағы көпқабатты үйлердің бірінде дәліздің еденін жуып жүрген. Оның үш баласы және төртіншісіне аяғы ауыр болған. Бұл мекемеде қызмет етпейтін зардап шегуші,сол күні анасының орнына жұмысқа шыққан екен.

Дәрігерлер келіншектің есін жиғанын айтқанымен жағдайы ауыр деген. Аудандық ішкі істер бөлімшесінде оқиға бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталып кеткен.

 

 

Талқылау