Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да кішкентай балаға арақ ішкізген атасы мен әжесі сотталды

Екі жасар бала арақтан уланып қайтыс болған. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

ымым

Сурет fotki.yandex.ru

Батыс Қазақстан облысында екі жасар балаға арақ ішкізген ата мен әже сотталды. Мамандандырылған ауданаралық сот кәмілетке толмаған баланың ісі бойынша ҚР ҚК 141 бабы бойынша айыптау шығарған.

Соттың мәліметі бойынша, туған атасы мен әжесі төрт күн бойы, 31 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында 2 жасар немересіне спирттік ішімдіктер ішкізіп, оның өліміне себеп болған.

Сот оларды 1 жылға бас бостандықтарынан айырды.

Талқылау