Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да қайтыс болған әйелге екпе салған косметолог екі айға қамауға алынды

Сот дәрігер-косметолог Эльвира Юсупованың екі айға қамауға алуға шешім шығарды. Күдіктінің туыстары дәрігердің кепілге шығатынына сенімді болған. Алайда, Эльвира Юсупова алдағы екі айын тергеу изоляторында өткізбек, – деп хабарлайды. КТК арнасының сайты.

58_main-2

 

Сурет: www.newstaraz.kz 

Оның сұлулық салонындағы қызметінен кейін облыстық мемлекеттік кіріс басқарма басшысының әйелі Айжан Жақанова көз жұмған еді.

Эльвира Юсупова сот залына кірісімен (құжат бойынша Эльвира Абдуллаева) көз жасын тыя алған жоқ. Күйеуі Николай Долматовтың айтуынша, ол қазір шошынып қалғанын, тіпті, тергеу изоляторына жедел жәрдем қызметі шақыртылғанын айтады. Күдікті әйел жүзін жасыруға тырысты. Бірақ қойған сұрақтарға нақты жауап берді.

«Оған аппаратты қолданар кезде, аллергиясының бар-жоғын тексеріп көрдім. Онымен әңгімелесіп, сөйлесіп отырдық. Бәрі жақсы болған. Оның менен жасырғаны болған шығар. Оны білмеймін. Әйтеуір, ешқандай аллергия белгілері байқалмады. Біз бір бөлігін жасап бітіргенде, ол күліп қарап отырған», – дейді күдікті Эльвира Абдуллаева.

Сот қорғаушылары сот отырысында күдіктінің Дағыстанда алған жоғары медицина білімі барын, мамандығы – стоматолог екенін атап өтті. Арнайы косметологиялық курстардан өткенін нақтылайтын сертификаттары барын да айтты.

Эльвира Абдуллаева өткен жылдың қазан айында Қазақстан азаматына тұрмысқа шығып, Алматыға көшіп келген. Ол қайтыс болған әйелмен жақсы таныс болған. Оралға осымен бесінші рет келген екен. Күдіктінің күйеуі Николай Долматов оның босауы үшін алдын ала кепілге 1 миллион теңге қалдыруды ұсынды. Оған коттеджді қосатынын да айтты. Алайда, сот шешімі күдіктіні тәртіп сақшыларының бақылауына қалдыруға шешім шығарды. Бұл шешімге күдіктінің туыстары келіспейтінін айтты.

Сот отырысында қайтыс болған әйелдің косметолог қызметіне 1500 доллар төлегені белгілі болды. Процедура жасауға еш құқы жоқ салонда жүргізілген.

Талқылау