Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да ер адам өзінің 3 ауылдасын өлтіріп, үйін өртеп жіберген

БҚО-да үйлердің бірінде өрт шығып, артынша 3 мәйіт табылды. Көз жұмған адамдардың денесінде қинап өлтіру белгілері болған.

БҚО-да ер адам өзінің 3 ауылдасын өлтіріп, үйін өртеп жіберген

Бұл туралы «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға 21 желтоқсанда Теректі ауданының Федоровка аулында орын алған. Ер адам өзінің 3 ауылдасын өлтіріп, артынша үйді өртеп жіберген.

«Шұғыл-іздестіру шараларының нәтижесінде, Теректі аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері БҚО полиция департаменті қызметкерлерімен берлессіп, аса ауыр қылмыс жасады деп күдіктелген 45 жастағы ер адамды анықтап, ұстады», – дейді полиция департаментіндегілер.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілердің мәліметінше, өрт шыққан үйден 3 мәйіт табылған. Олар 50 жастағы ер адам мен 63 және 68 жастағы әйелдер екен.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 2-тармағына (Кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау