Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да ер адам 6 жасар қызды зорлағанын мойындады

Батыс Қазақстан облысында ер адам өзінің алты жасар қызды зорлағанын мойындады.

0000000

Фото: radar23.ru

Бұл туралы “Уральская неделя” басылымы хабарлайды.

Бірінші сынып оқушысын зорлады деп күдікке ілінген ер адам, қылмысты жасағанын ашық мойындап отыр.

Полиция “Зорлау, он төрт жасқа толмаған жасөспірімге зиян келтіру” бабы бойынша істі зерттеуді бастады. Іс сотқа жіберіліп, ер адам қамауға алынған.

“Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жәнібек аудандық ауруханасының дәрігерлері қызды үш күн бақылаған. Қазір қыз өзін жақсы сезінуде”, – деп жазады басылым.

Бұған дейін 26 қазан күні Жәнібек ауданындағы ауылдардың бірінде алты жасар қыздың зорланғаны хабарланған еді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 120 бабы 4 бөліміне сәйкес, мұндай қылмыс үшін 15-20 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Оқи отырыңыз:

Аязда адамдарды тегін тасыған атыраулық ерікті жоғалып кеткен әйелді құтқарып қалды

Ақтауда үш адамды өлімнен құтқардым деген сарбаз сот алдында жауап беріп жатыр

Шымкентте зейнетақысын ала алмаған Назарбаев ақсақал қайыр сұрап күнелтіп жүр

Ақтөбеде ер адам автобус жолаушыларының көзінше мерт болды

Талқылау