Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да екі бала көршісінің ауласындағы қоқыс шұңқырына құлап, тұншығып өлді

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданындағы Ұшан ауылында екі бала көршінің ауласындағы қоқыс шұңқырына құлап, тұншығып өлді. Қайғылы оқиға 25 сәуір күні болған.

БҚО-да екі бала көршінің ауласындағы қоқыс шұңқырына құлап, тұншығып өлді

Бұл туралы Мой Город порталы хабарлады.

Аудан әкімі Асхат Шахаровтың айтуынша, 2013 және 2015 жылғы бүлдіршіндер жалғыз өздері далаға ойнауға шығып кеткен. Ата-аналарының қарауысыз тысқа шығып кеткен балалар ойнап жүріп қоқыс төгетін шұңқырға құлап кеткен.

” 2013 және 2015 жылғы балалар ауладан көрінбегеннен кейін, оларды іздей бастаған. Екі бүлдіршіннің денесі кешкі сегіздер шамасында көрші ауладағы қоқыс төгетін шұңқырдан ауыл тұрғындары тауып алған”, — дейді аудан басшысы.

Қазіргі таңда прокуратура мен полиция қайғылы оқиғаға қатысты тиісті сараптамалар жүргізуде. Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Абайсызда ажал құшқан балалардың ата-анасын жауапқа тарту мәселесін құзырлы органдар шешетін болады.  Қоқыс төгетін шұңқырға құлаған екі бүлдіршін де тұншығып өлген.  Әкімдіктің мәліметінше, қайтыс болған ұл мен қыз ағайынды емес екен.

Тағы оқыңыз: 

Алматы әкімінен ескерту алған «Атакент» әкімшілігі танымал кафені бұзып тастады (фото)

Құранды жатқа оқудан өткен сайыста жеңімпазға көлік кілті табысталды

Рейхстагты бағындырған соңғы қазақстандық батыр дүниеден озды

Оғыз Доған: Біз Қазақстанда тұрып, тек қана қазақша қызмет алғымыз келеді

Талқылау