Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да дәрігер науқасты өлтіріп алғаны үшін шартты жаза алды

Дәрігер аттан құлаған адам жарақатының қаншалықты ауыр екенін анықтай алмай, үйіне қайтарып жіберген. Келесі күні-ақ жасөспірім қайтыс болып кеткен.

дәрігер

Сурет progorod58.ru сайтынан алынды.

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары жазды.

Өз ісіне жауапкершілікпен қарамаған дәрігер сот алдында жауап берді,-дейді БҚО сотының баспасөз қызметі.

«Іс материалының мәліметтері бойынша Жанғала ауылының тұрғыны ат үстінде кележатып жемпірін шешпек болған. Осы сәтте салмақ тепе-теңдігін ұстай алмай ауып құлаған. Жасөспірім жерге басымен түскен. Оқыс оқиғадан кейін ол аудандық ауруханаға жеткізілген. Кезекші дәрігер баланың жарақатын көріп медбикеге құлағының артын тігуді, артынша науқасты үйіне қайтаруды бұйырған. Медбике балаға қатты ауыруды сезінген жағдайда жедел жәрдем шақыруға кеңес беріп, үйіне қайтарған»,- деп болған жайтты баяндаған сотта.

Келесі күні жасөспірім  шақыртылған жедел жәрдем қызметі жетпей жатып  жан тапсырған.

Сотталушы істі қарау барысында өз кінәсін толықтай мойындаған. Жауапсыздығын зейнет жасына жақындауымен байланыстырған дәрігер соттан  түрме жазасын бермеуін сұрады. Сотта жәбірленуші тараптың өкілі материалдық өтемақы төленгенін айтып, дәрігердің жазасын жеңілдетуді сұраған.

«Кәсіби міндетіне немқұрайлы қараған дәрігерге сот ҚР ҚК317 бабы 3 тармағы бойынша  екі жыл, алты айға бас бостандығын шектеуге үкім шығарған. Сондай-ақ, бір жылға медицина саласында қызмет етуден аластатылды»,-делінген БҚО сотының баспасөз баяндамасында.

Сот дәрігерге осындай жаза кесер алдында оның сабырлы жауаптары мен өз кінәсін толық мойындауына, жұмыс орнынан берілген мінездемеге, жәбірленуші тараптың разылығына қараған.

Азаматтық істе материалдық, моральдық шығын көлемі айтылмады. Сот үкімі әлі заңды күшіне енбеді.

 

 

 

Талқылау