Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да Бюджет қаржысын жымқырған балабақша директоры сотталды

Орал қалалық сотының үкімімен №20 “Балбөбек” мектепке дейінгі ұйымының директоры Төлегенова ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлімі 2-тармағына сәйкес айыпты деп танылып, оған 55-баптың 4-бөлімі қолданыла отырып, мүлкін тәркілеумен бірге 5 мың АЕК көлемінде айыппұл салынды.

f48451c028dbdb687364349a6bf6721a

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.

Орал қаласы прокуратурасы аталған балабақшаны тексеру барысында бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтаған болатын. Атап айтқанда, Төлегенова психологты формальды түрде жұмысқа қабылдаған. Ол мұнда мүлдем еңбек етпесе де, 2014 жылдың маусымынан 2015 жылғы қазан айына дейін оған 716 690 теңге негізсіз төленген. Бұл қаражатты директор өз қажетіне жұмсаған. Әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ.


Оқи отырыңыз:

ШҚО-да оқушыларды жыныстық қатынасқа итермелеген мектеп директоры сотталды

Атырауда басшыларын айыптаған экс-полицей 22 жылға сотталды

Павлодарда ұрланған көліктерді сатқаны үшін экс-полицей сотталды

Әйелдің ішін жарып нәрестесін алған америкалық 100 жылға сотталды

Талқылау