БҚО-да бойжеткен арманы үшін күн сайын 120 шақырым жол жүруге мәжбүр

Батыс Қазақстан облысының Янайкино аулында тұратын 16 жастағы Рамзия Утяпова волейболдан жаттығуға бару үшін күнде Оралға қатынауға мәжбүр. Ол күн сайын қалаға барып-келу үшін 120 шақырым жол жүреді екен.

БҚО-да бойжеткен арманы үшін күн сайын 120 шақырым жол жүруге мәжбүр

Бұл туралы «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Спортқа жаны құмар бойжеткен туралы «Грация» аталатын жергілікті воллейболдан әйелдер командасының жаттықтырушысы Куленке Губашева айтып берді.

«Менің әр түрлі спортшыларым болды. Олардың ынтасы мен тәртібі де әр түрлі. Алайда мұндай қызды бірінші рет кезіктіруім. Мұндай қыздар спортта жақсы жетістіктерге жетеді», – дейді ол.

БҚО-да бойжеткен арманы үшін күн сайын 120 шақырым жол жүруге мәжбүр

Ал Рамзияның өзі әлемдік чемпионатта ойын көрсетуді армандайтынын айтты.

«Кәсіби воллейболшы болғым келеді. Әлем біріншілігінде ойнап, көп доп салып, жеңіске жетсем деймін», – дейді бойжеткен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр