Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағы да ана өлімі: БҚО-да бала босанған келіншек көз жұмды

Оқиға Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала аудандық орталық ауруханасында болды, деп хабарлады Қазақпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға сәуір айында аудандық ауруханада болған. Алайда бұл туралы енді ғана белгілі болып отыр.

Ауруханада 1975 жылы туған әйел босанған. Сәбидің жолдасы ерте ажырап кеткендіктен әйелден көп қан кетеді. Шұғыл түрде кесір тілігі жасалады. Әйел аурухана түскен соң екі сағатта қайтыс болған. Оның сәбиі де шетінеп кетті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау