Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да әйелімен ажырасқысы келмеген еркек өзін өртеді

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Дарьинск ауылында 45 жастағы ер адам үйінің ауласында өзін-өзі өртеп жіберген.

photo_23161

Бұл туралы «Мой город» сайты хабарлайды.

Дарьинск ауруханасының дәрігерінің айтуынша, 15 желтоқсанда сағат 17.00-де аудандық ауруханаға ер адам 2 және 3-ші дәрежелі күю диагнозымен түскен. ” Владимир Мозуль бізге ауыр жағдайда түсті, – деді Қадырғалиев. – Біз оған шошып қалуға қарсы терапия жасап, санавиация арқылы Орал қаласындағы облыстық клиникалық ауруханаға жібердік”.

Бірақ, Владимир Мозуль 23 желтоқсанда қаза тапты. Кейін Владимирдың ауруханада өлмегені анықталды, себебі оны қолхат беріп, әйелі алып кеткен. “Отасқанымызға 22 жыл болған еді. Біздің екі ересек баламыз бар. Ол жұмыс істемеген кезінде арақ ішетін, ал жұмыс істесе қоятын”, – дейді марқұмның әйелі.

Ал көршілерінің айтуынша, Мозуль сол күні әйелінің ажырасуға арыз жазғанын білген. Осыдан кейін ол үстіне бензин құйып, өртеп жіберген.

Талқылау