Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да әйел 3 жасар қызды сабап тастаған

БҚО-да әйел 3 жасар қызды сабап тастаған. Салдарынан бүлдіршін ауруханаға түсіпті.

БҚО-да әйел 3 жасар қызды сабап тастаған

Бұл туралы «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, 14 қаңтарда көпсалалы ауруханаға ауданнан кішкентай қыз жеткізілген.

«1985 жылғы әйел 2016 жылғы қыздың денесін зақымдаған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабы 2-тармағына (Кәмелет жасқа толмаған баланың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – дейді полициядағылар.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар баланың жағдайы тұрақты ауыр екенін айтты.

«Ем алып жатыр. Оң өзгерістер бар. Нейрохирургия бөлімінде жатыр», – деп хабарлайды басқарманың баспасөз хатшысы Айнагүл Сакпусунова.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау