Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да ауыл әкімінің жүргізушісі өз үйінен өлі күйінде табылды

Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Шалғай ауылында 22 жастағы жігіт өз үйінде өлі күйінде табылды.

8788787

Бұл туралы “Мой Город” порталы хабарлайды.

Шалғай ауылдық округінің әкімі Талғат Қантеміровтың сөзінше, жігіт әкімдікте екі жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан.

“Мені әкім қылып небәрі 10 күн бұрын тағайындады. Онымен тым аз уақыт жұмыс істестік. 2 желтоқсан күні көлік жүргізушісі жұмысқа шықпай қалып, біз оны іздей бастадық. Нәтижесінде немере ағасы оның денесін тапты. Ауылда оның туыстары көп, бірақ ол өзі жалғыз тұрыпты. Ол өте мәдениетті жігіт болған. 4 желтоқсан күні оны ауылда жер қойнына тапсырды”, – деді әкім.

БҚО ІІД әзірге болған жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ. Жалпы, Шалғай ауылында 700-ден астам адам тұрады.

Оқи отырыңыз:

Астана-Көкшетау тас жолында көлік апаты кезінде көмекке ұмтылған жолаушының өзі ажал құшты

Отандық радиожүргізуші Әлия Жүсіпова өмірден өтті

Теміртауда педофил екінші сынып оқушысының үйіне басып кіріп, оны зорламақ болған

ШҚО-да 12 жасар бала бір түн бойы қар астында түнеп шыққан

Талқылау