Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да әкесін өлтірген азаматша 8 жылға сотталды

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Венера Мұхамбетова ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігімен айыпты деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

1-7-15-sud_verdikt-01

Бұл туралы БҚО сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

Ол жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтейтін болады. В.Мұхамбетова биылғы 16 шілдеден 17-сіне қараған түні спирттік ішімдік ішу барысында әкесі мен ағасының арасында туындаған ұрысты желеу етіп, сөмкесінен асүй пышағын алып, әкесіне үш рет соққы жасаған. Марқұм сол жерде жан тапсырды.

Талқылау