Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да 77 жастағы зейнеткер баспанасыз қалмақ (фото, видео)

77 жастағы Гүлсім Құзайырова Сырым ауданы, Жымпиты ауылындағы бүлінген үйде тұрып жатыр.

Бұл туралы “Мой Город” жазады.

Егде әйел Жымпиты ауылында 20 жылдан бері тұрып келеді. Ол тұрған үй 60 жыл бұрын салынған және былтыр апатты жағдайда деп танылыпты. Саманнан салынған үйдің іргетасы жоқ. Қазір қабырғаларында да жарық пайда болып, шатырдан жаңбыр жауса су тамшылайды.

“1989 жылы жесір болып қалдым. Үш ұлым бар еді, екеуі қайтыс болды. Үшінші ұлым отбасымен Алматыдан маған көшіп келді. Бірақ ол да жұмыссыз. Бәріміз менің зейнетақыммен күн көріп, соған тамақ ішіп, киінеміз. Ал үйді жөндетуге тіпті ақша қалмайды. Ешқашан үйсіз қаламын деп ойламадым. Үнемі үйді күтіп, кеткен жерін дұрыстайтын едім, қазір оған күшім қалмады. Мен ауданның бұрынғы әкімі Абат Шыныбековтен көмек сұрап, ол уәде еткен, бірақ басқа жаққа ауысып кетті. Ал жаңа әкімнің қабылдауына кіре алар емеспін”, – дейді зейнеткер.

Аудандық тұрғын үй шаруашылығы басқармасының маманы Бибігүл Әжіғалиеваның айтуынша зейнеткер баспана алуға 2016 жылдың 3 тамызында тіркелген.

“Аудан бойынша 314 адамға баспана керек. Заң бойынша ол баспананы тек кезегі келгенде алады. Апатты үйлерін ауыстыру бойынша 21 адам бар. Зейнеткер әжей ол тізімде 14-ші болып тұр”, – деді маман.

Осы жылы Жымпитыда көшіп келгендер үшін 14 жаңа үйдің құрылысы басталған. Алайда Гүлсім апайға биыл да үй алу мүмкін болмайтын секілді. Бірақ үмітін үзбеген әжей нәтиже шықпаса, облыс әкімдігіне барамын деп отыр.

Тағы да оқыңыз:

Сейсмологтар: Жаңа жылда Алматыда жер сілкінуі мүмкін

Тұрмысқа жаңа шығып ана атануына екі ай қалған келіншек сәбиімен бірге көз жұмды

Ержан Тәтішевті өлтіруге тапсырысты Әблязовтың бергені расталды

Талқылау