Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да 73 жастағы зейнеткер екі жігітті құлдықта ұстап отырған

Теректі және Казталовка ауданының 41 және 44 жастағы тұрғындары құлдықта болған.

498b9e1a6baacbcb6d07518622f7cc63_resize_w_830_h_465

Полицейлер 27 маусым күні Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданында жергілікті тұрғынның екі адамды құлдықта ұстап отырғанын анықтайды.

“28 маусым күні жедел іздестіру шаралары барысында екі тұрғынды заңсыз жұмысқа салып қойған 73 жастағы зейнеткер ұсталды. Құлдықта болған азаматтар 1976 және 1979 жылы туған Теректі мен Казталовка ауданының тұрғындары екен. Олардың біріне қарсы физикалық күш қолдану да көрсетілген”, – деп хабарлады ІІД.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК “Заңсыз бостандығынан айыру” бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз:

Астаналық оқушылардың жаңа мектеп формасы таныстырылды (фото)

Алматылық тұрғын өзін қаққан көліктің жүргізушісіне іздеу салады

Түрік жігіті үшін төбелескен қыздар жұрттың ашуын келтірді (видео)

Өлі күйінде табылған 10 жасар Ришат Харикоглуға қатысты жаңа дерек пайда болды

Талқылау