Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО. Ақсайда 6 адамды жаралаған атысқа күдіктілер ұсталды

10 желтоқсан күні  «Ақжол» кафесінің алдында 6 азаматқа оқ атты деген айыппен екі азамат ұсталған.

moscow700

Бұл туралы «мой Город» басылымы хабарлайды.

БҚО ІІД баспасөз қызыметінің хабарлауынша  оқиғаға күдікті ретінде 21 жастағы екі азамат ұсталған. Қазір олар  Бурлинкс ауданындағы уақытша тергеу абақтысына жабылған.

Есте болса, 9 желтоқсан күні  Ақсай қаласындағы «Ақжол» кафесінің алдында екі белгісіз азамат оқ жаудырған еді. Салдарынан 1993, 1988, 1995, 1993, 1988, 1990 жылдарғы алты бірдей азамат әр түрлі жарақат алған еді. Олардың екеуі оқиғадан кейін бірден қалалық аурухананың  жансақтау бөліміне жатқызылған еді. Үшеуіне жедел ота жасалынды.

Ұсталғандарды ҚР ҚК 293 бабы бойынша сот алды тергеу ісі басталып кеткен.

Талқылау