Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да 5-сынып оқушысы дене шынықтыру сабағынан кейін қайтыс болып кетті

БҚО-дағы Асан аулындағы орта мектепте дене шынықтыру сабағында оқушылардың бірінің ұстамасы ұстап, салдарынан аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

БҚО-да 5-сынып оқушысы дене шынықтыру сабағынан кейін қайтыс болып кетті

Сурет: Тengrinews.kz/Николай Колесников

Бұл туралы «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қайғылы жағдай 25 желтоқсанда орын алған. Мичурино аулында тұратын 5-сынып оқушысы дене шынықтыру сабағы кезінде өзін нашар сезінген. Артынша жағдайы бірден нашарлап кетіпті.

Дене шынықтыру мұғалімі бірден жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы ауыр жағдайда жатқан баланы ауруханаға алып кетіпті.

«Қалалық көпсалалы ауруханада дәрігерлер барлық тиісті реанимациялық шараларды жасады. Өкінішке орай, баланы құтқару мүмкін болмады», – дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Мектеп директоры Нұржан Сәбитовтің сөзінше, қайтыс болған оқушы осы мектепте 1-сыныптан бері оқып келеді және оқуда озат болған екен. Ал оның дерті туралы білім мекемесінде ешқандай ақпарат болмаған. Ол, тіпті, дене шынықтыру сабағынан босатылмапты. Десе де мұғалімдер бұған дейін оқушының ұстамасы ұстап қалғанын көрген екен.

Дәрігерлер оқушының нақты неден қайтыс болғанын айтпады. Олардың сөзінше, мәйітті сою нәтижесі шыққаннан кейін ғана диагноз қоюға болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау