Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО билігі ҰОС ардагеріне берілген пәтерді туыстарынан тартып алмақ

Ұлы Отан соғысының ардагері Танкаш Кубаев 2015 жылы 1 бөлмелі пәтерге ие болған. Ардагер биылғы жылдың қаңтарында дүние салды. Содан кейін көп ұзамастан билік өкілдері өздері сыйлаған пәтерді кері қайтаруды талап еткен.

ветеран вов вко кв

Бұл туралы «Уральская неделя» басылымы хабарлады.

Соғыс ардагерінің ұлы Нұрлан Кубаев әкесінің өмір бойы БҚО-дағы Теректі ауданының Ақсуат ауылында тұрғанын айтып берді. Елбасы ҰОС ардагерлерінің барлығын пәтермен қамтамасыз ету туралы бұйрыққа қол қойғанда ауыл әкімі Любовь Есқалиева Танкаш Кубаевқа пәтер беру мәселесін көтерген екен.

«Ол бізге құжаттарды дайындауға көмектесті. Сөйтіп 2015 жылы әкеме Орал қаласының «Көктем» мөлтек ауданында орналасқан 1 бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Алғашқыда әкем сонда тұрып жүрді. Алайда егде жастағы адамға жалғыз тұру қиын болғандықтан, біраз уақыттан кейін ол біздің қасымызға қайтып келді. Арада тағы уақыт өткен соң біз пәтерді жекешелендіріп алу үшін құжаттар жинадық», – деп еске алады Нұрлан Кубаев.

Нұрланның сөзінше, биылғы жылдың 11 қаңтарында құжаттар толық дайын болған. Алайда 11 күн өткен соң, 22 қаңтар күні соғыс ардагері дүниеден өткен.

«Одан кейін маған Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығынан хабарласып, пәтерді босату керектігін айтты. Тұрғын үйден бас тарту туралы өтініш жазуы керектігімді айтты. Мен бас тарттым. Ал жуырда әкемнің пәтерінің есігіне сүргі соғылыпты. Қағазда ТКШ заңгерінің телефон нөмірі жазылған, алайда ол бұл мәселеден хабарсыз екенін айтты», – дейді Нұрлан.

Нұрлан Кубаев ҰОС ардагеріне берілген пәтерді неліктен қайтадан мемлекетке қайтару керектігін түсінбей отыр.

«Әкем соғысқа қатысты, ауыр шайқастарда жаумен айқасты. Сонда оның Отан алдындағы еңбегінің еш құны жоқ па? Әкем біздің ауылдық округтағы ең соңғы ҰОС ардагері болатын. Оның 8 баласы, немерелері, тіпті шөберелері бар. Заң бойынша, пәтер берілу керек болса, оны неге бізден тартып алып жатыр?» – дейді Нұрлан Кубаев.

Нұртазиевтің қолы қойылған ТКШ хатында тұрғындар барлық коммуналдық төлемдерді төлеп, пәтерді босату керек делінген. Кері жағдайда тұрғындар сотқа беріледі.

Жіберіп алмаңыз:

Рамазан айында мұсылмандар жиі ұрынатын қателіктер

5 жасар бүлдіршінді күрекпен ұрған Шымкент тұрғыны ұсталды

Алматы облысында екі бірдей ауылды су басып қалды

Алматыда құлағалы тұрған үйде 8 отбасы тұрып жатыр

Талқылау