БҚО, Березовка ауылының тұрғындары 2016 жылы толық көшіріліп болады

Сейсенбі, 5 Қаңтар , 2016 12:24

Көшірілуі керек тұрғындар саны 1808 адам: оның 1675-і Березовкадан, 133-і Бестаудан.

1112

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлады.

БҚО Березовка ауылының тұрғындарын көшіру 2016 жылы толық аяқталады деп мәлімдеді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Оның айтуынша, 454 үйді көшіру керек, оның ішінде 423 үй Березовка ауылынан, қалғаны Бестау ауылының тұрғындары.
«Қазір Энергетика министрліімен бірігіп қабылданған жоспар бойынша, алғашқы кезек аяқталды. Сол жопарға байланысты, 82 отбасы Ақсай қаласындағы көп қабатты тұрғын үйдің 128 пәтеріне қоныстанды. Қазір жұмыс жалғасуда. 2016 жылы  Березовка мен Бестау ауылдарының тұрғындарын көшіру мәселесі толық шешімінін табады», деді Ноғаев сейсенбі күні болған баспасөз мәжілісінде.

БҚО Березовка ауылының тұрғындары 2014 жылдың қараша айынан бастап, естен танып құлайтын әдетке шалдыққан. Ауыл мектебі Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан. Алдын ала зерттеулер бойынша ауруға шалдыққан адамдардың орталық дүйке жүйесіне белгісіз улы зат әсер еткен болуы мүмкін.

Өткен жылдың маусым айында сол кезде Қазақстанның вице-премьері болып тұрған  Бердібек Сапарбаев мамандардың бұл оқиғаға Қарашығанақ кен орнының жұмысына байланысы жоқ екендігін айтып отырғанын мәлімдеген болатын. Алайда Сапарбаев мектепке жақын жерде орналасқан орындардың экологиялық стандарттарды дұрыс сақтамауы да мүмкін деген болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар