Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Біздің қоғамның ауыр дерті": Тоқаев Қазақстандағы жемқорлық туралы

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлық мәселесі туралы пікірін білдіріп, елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жайлы айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев

«Өкінішке орай, сыбайлас жемқорлық мәселесі біздің қоғамымыздың ең ауыр дерті болып қалуда... Жақында мен, тиісті бөлім басшысын қабылдап, осы жұмысты жалғастыру туралы нұсқау бердім. Егер, сандық және сапалық тұрғыда жазалау жөнінен алсақ, онда Қазақстан әлемдегі жетекші орындардың бірін алып тұр», - дейді Тоқаев.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда жемқорлықпен айналысқаны үшін «мемлекеттік билік жүйесінде ең жоғары лауазымдарда отырған адамдардың да жазаға тартылғанын» атап өтті.

«Олардың қатарында премьер-министр, бірқатар министрлер, басқарма басшылары бар. Дәл осы жағдайдың тағы қай елдерде орын алып жатқанын әрине, ешкім айта алмайды», - деді президент.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр