Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біздікі, нәзік, керек": Ет туралы ойын қазақша жеткізуге тырысқан Қарағұсова жұртты сүйсіндірді (видео)

Тілшілерге ет туралы ойын қазақша жеткізген депутат Гүлжан Қарағұсова бұл қылығымен жұрттың көңілін баурап алды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Біздікі, нәзік, керек»: Ет туралы ойын қазақша жеткізуге тырысқан Қарағұсова жұртты сүйсіндірді (видео)

"Ол біздікі. Қазақтікі өте нәзік, керек. Мен етті көп жеймін. Айына қанша ет жейтінімді санаған жоқпын. Бірақ, аптасына 4-5 рет ет жеймін",- деп жауап берді Қарағұсова тілшілердің ет жайлы қойған сұрағына.

Дегенмен, журналистердің сауалына шамасы келгенше қазақша жауап беруге тырысқан депутаттың бұл әрекеті жұртты сүйсінтті.

"Қаншама адам қазақша жақсы біле тұра сөйлемейді, ал Гүлжан xаным айта алғанынша ойын жеткізді. Күлудің керегі жоқ сияқты. 
Қайта-қайта сұхбат ала беру керек, қазақша жақсы сөйлеп келе жатыр. Мәскеу бірден Мәскеу болған жоқ.

Басқаларға қарағанда бұл кісі журналисттерге қол сілтеп, дөрекі жауап берген емес. Әрине көп сөздері қате болса да, әрқашан сұхбат алушыны сыйлай алады.

Ризамын осы кісіге, қалай сөйлесе де əйтеуір тырысып бағады. Бастысы, ниеті бар. Күлудің жөні жоқ! Көш жүре түзеледі! Өз тіліне дұрыс ниеті болса, сөйлейтін уақыты болды ғой. Өзге ұлт сайрап жүргенде.

Гүлжан Қарағұсова өте білімді, мықты білікті маман. Оның тілінің шорқақтығына тиісіп, жаман сөз айту дегеннің өзі үлкен күнə екенін білерсіздер",- деген пікірлер жазды желі қолданушылары. 


 

Талқылау