Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бізді ойлап жүрген адам емес қой": Жетісайлық үш қыз туған аналарына ренішін жеткізді

Өгей анадан қорлық көрді деген қыздар болған жағдайдың бәріне туған аналарын кінәлап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап. 

kyz

Жетісайлық жеткіншектер қорлық пен қатыгездіктен құтылғанына қуанады. Ол үшін қасындағы сыныптас құрбыларына алғысы шексіз. Өйткені сол арқылы мұғалім мен директорға хабар жеткен. Бірақ ұстаздарын кінәлап, оларға шара қолданатынына ренжулі. Туған аналарына да қатты қапалы. 

"Мен ешқашан оны (биологиялық аналарын – ред.) анам деп санамаймын. "Мама" деп атағым да, көріп, сөйлескім де келмейді. Дауысын да естімесем деймін. Неге өзінің басқа ер адаммен жүріп кеткені туралы айтпайды? Мен оны вконтакте, Instagram желілері арқылы тексеріп көрдім. Басқа ер адаммен түскен суретін қойып қойған. Сыра ішіп жүргенін де көрдім. Өзінің қыдырып жүрген кезде түскен суреттерін де қойған. Бізді ойлап жүрген адам емес қой", - дейді қыздардың үлкен. 

Талқылау