Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бізде соғыс жоқ: Динара Сәтжан президенттің ауысқаны, Астана атауының өзгертілгені, митинг жайлы айтты

Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан президенттің ауысқаны, Астана атауының өзгертілгені, митинг жайлы пікір білдірді, деп жазады Stan.kz.

Бізде соғыс жоқ: Динара Сәтжан президенттің ауысқаны, Астана атауының өзгертілгені, митинг жайлы айтты

«157 жыл бұрын Ақмола қаласы жаңадан ғана қала мәртебесіне ие болды. 1961 жылы қала Целиноград деп өзгертілді. Ал 31 жылдан кейін қалаға тағы басқа атау беріліп,  Ақмола аталды. Содан кейін астанаға көшіп, ол Астана қаласы болды.

1997 жылы мектепте оқып жүрдім және сол кезде мемлекеттік қызметте істейтін көптеген туыстарымыз жаңа астанаға көшіп кетті. 9 жылдан кейін мен де Астанаға көшіп кеттім. Орталық концерт залы, велотрек, «Астана Арена» міне осылардың бәрі менің көз алдымда салынды. Сонда Астана маған салынып білкендей көрінді, ал негізінде ол енді-енді құрылып жатқан болатын. Мен Астананы қатты жақсы көремін!

Бұл жақсы энергетикаға толы қала. Мұнда жан-жақтан келгендер көп. Целиноградтықтар, әрине, бізге қызғана қарайды.

20 жылдың ішінде біз Астананы жақсы көріп кеттік. Мұнда қатты үйреніп қалдық және әрине қаланың атауын өзгерткіміз келмейді. Бірақ бізге жаңа президент келді. Біздің билік транзитінен қалай қорыққанымыз естеріңізде  шығар. Рулық соғыс болады және бәрі өте қиын әрі жаман болады деп, сендіргілері келді.

Бірақ ... бәрі өтіп кетті. Кенеттен, әрине. Бірақ тыныш болды. Енді адамдарды астананың атауын өзгерту алаңдатып отыр. Дегенмен, мен халқымыздың өз пікірлерін тыныш қана білдіріп отырғанына қуанып отырмын. Блогер Гаухар Өтелбаева тіпті митингке барып, өзіне не болғанын тып-тыныш суреттеп берді. Ол ұсталғанымен, оны ешкім ұрып-соғып, оған қоқан-лоққы көрсеткен жоқ.

Еуропа елдерінде де заңсыз митингге тыйым салынады. Тіпті демократиялық Америкада да митинге шығу үшін арнайы рұқсат қажет.
Бүгінде жаңа президент Астананы Нұр-Сұлтан деп ауыстыру туралы шешім қабылдады. Сіздер әрине, қазір маған тас лақтырғыларыңыз келеді, бірақ өз басым қарсы емеспін.

Астананы осында Нұрсұлтан Назарбаев көшіріп әкелді. Ол біздің ел үшін көп нәрсе жасады. Бүгін «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жүрген құрбым ренішін білдіреді. Бұл бағдарламаны Назарбаев жасамады емес пе? Одақ ыдырағаннан кейін біздің ата-аналарымыз елді тастап кеткен жоқ. Бәрінде жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Иә, ауылдарда проблемалар бар, бірақ Үндістандағыдай емес қой. Біздің туыстарымыз кедей жерлерде өмір сүрмейді. Кем дегенде, барлық ауыл тұрғындарында оларға көмектесетін туыстары бар.

Иә, көпбалалы аналар аздаған жәрдемақы алады. Дегенмен, қазір жағдай өзгеріп келеді. Бізде соғыс жоқ! Иә, бізде кедей аудандар бар. Бірақ, бізде көшелерде өліп жатқан қаңғыбастар жоқ. Бар болса көрсетіңіздерші. Біле білсеңіздер Вашингтон да АҚШ-тың бірінші президентінің құрметіне аталған!»,- деп жазды Динара Сәтжан инстаграм парақшасында.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр