Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біз «пайдалы» санап келген 7 әдет

Денсаулығымыз бен сымбатымызды сақтау үшін қажет деп білетін әдеттер қай-қайсымыздың болмасын бойымыздан табылады. Олардың жемістерді жуу немесе тұрақты түрде спортпен шұғылдану сынды кейбірі, шындығында да, пайдалы болса, қайсыбірінің дұрыстығы мен пайдалылығы санамызда сандаған сауалдар туындатады.

Вредные-привычки2912

Бұл орайда ешқандай пайдасы жоқ 7 әдеттің тізімін жасап, назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.

Мультидәрумендер қабылдау

Мультидәрумендер мен түрлі биоқоспаларды қабылдау аурулардың пайда болуына әсер етпейді және алдын алмайды. Оған қоса есте сақтау және жұмыс қабілетіне де ықпалы жоқ. АҚШ ғалымдары бірнеше клиникалық зерттеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін осындай тұжырым жасады. Зерттеу жұмысына 450 мыңнан аса адам қатысқан-ды. Ал нәтижесі, тіпті, мультдәрумендердің адам денсаулығына кері әсерін тигізетінін көрсеткен.

Бактерияға қарсы гельдердің құрамында спирт жоқ түрлерін қолдану

Қол жууға арналған бактерияға қарсы гельдер, шынымен де, вирустар мен бактериялардың көптеген түрін жояды. Алайда ол құрамында кемінде 60% спирт бар гельдерге қатысты. Басқалары барлық микроағзаларға бірдей әсер ете бермейді. Мысалы, олар норовирус пен криптоспоридийлерге қарсы қауқарсыз. Және пестицидтермен байланысқа түскен кезде және қолыңыз қатты кірлегенде құрамында спирті бар құралдар да көмектесе алмайтыны тағы бар. Бұл жағдайда қолыңызды сабындап жуғаныңыз абзал.

Натрий глутаматынан бас тарту

Жүргізілген зерттеу жұмыстары натрий глутаматы салдарынан пайда болатын бас ауруы және жүрек айнуы сынды жағымсыз ауру белгілері тек аталған заттекті таза күйінде 3 граммнан кем болмайтын мөлшерде жесеңіз ғана пайда болатынын көрсетті. Іс жүзінде ол мүмкін емес деуге болады. Құрамына глутамат қосатын тағамдардың өзі денсаулық үшін аса пайдалы еместігі – басқа мәселе.

Детокс-емдәм көмегімен ағзаны тазарту

Танымалдық алып келе жатқан детокс-бағдарламалар ағзаңызды улы заттардан тазартуға уәде береді. Мамандар бірауыздан сау ағзаның мұндай міндетті өздігінен атқара алатынын айтады. Егер бауырыңыз бен бүйрегіңіз тікелей міндетін орындай алмаса, дәрігерге қаралуыңыз керек.

Органикалық өнімдерді тұтыну

Көптеген елде органикалық өнімдерге деген талаптар мен сертификаттау ережелері жоқ. Сондықтан «эко» немесе «био» белгілері – көп жағдайда маркетингтік қулық қана. Ол өнімнің пестицидтердің қолдануынсыз өсірілгендігін білдірмейді. Ал олардың пайдасы базарларда сатылып жатқан жеміс-жидектердегімен бірдей.

Микротолқынды пештен бас тарту

Микротолқынды пешті қолданған кезде тағамның құрамындағы пайдалы заттар бұзылуы мүмкін, бірақ тағамды ас плитасында не пеште жылытқан кезде де дәл осы жағдай орын алады. Ал кей жағдайларда тағамды микротолқынды пеште жылдам жылыту пайдалы да. Мысалы, ас құрамындағы С дәрумені жақсы сақталады.

Майсыздандырылған өнімдермен әуестену

Майлар дәл ақуыздар мен көмірсулар тәрізді ағзамызға қажет. Сондықтан кәдімгі сүзбе не йогуртты майсыздандырылған түрлеріне алмастыру – тағамның құнарлылығын төмендетудің жақсы тәсілі емес. Сонымен қатар көптеген майсыздандырылған өнімдерде құнарлылық құндылғының жетіспеушілігі көп мөлшердегі қантпен толықтырылады. Ол денсаулығымыз үшін тіптен зиян.

Талқылау