Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Біз ойын-сауықтың елі сияқтымыз»: Халық жазушысы қазіргі бағдарламаларға көңілі толмайтынын жеткізді

Жазушы Қабдеш Жұмаділов эстарадалық әндер туралы пікірін білдіріп, қазіргі бағдарламаларға көңілі толмайтынын жеткізді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол теледидар қарасаң Қазақстан ойын-сауықтың елі сияқты көрінеді деп күйінді. Сағаттар бойы ойын-сауық бағдарламалары, әсіресе күлдіргілер көп беріледі дейді қаламгер. Оның сөзінше, біздің елде күлдіргінің өзін 10 сағат көрсетеді екен.

«Оларға «ол, тіріл – бірақ мына халықты күлдір» деп тапсырған көрінеді. Күлдіру де оңай емес, оған да талант керек. Содан күлдіре алмайды да, байқұстар қарқылдап өздері күледі бірін-бірі сүйгіштеп»,- дейді жазушы.

Соңғы кездері күлдіргілердің көбейіп кеткенін айтқан қаламгер оның мақсаты – халықты ойландырмау дейді. 

«Біріншіден, жоқтан өзгеге ыржалақтап күліп жүру. Екіншіден, эстрадада ән көбейіп кетті. Композитор және әнші көбейіп кетті. Қазір 1000 әнші бар. Ол Ақанның, Біржанның, Мұхиттың әндерін айтпайды. Оған шамасы жоқ олардың. Жаңағы әншілер жаңа композиторлардың шығарған әндерін айтады. Өздері биші ме, әнші ме оны айыра алмайсың»,- деген сын айтты жазушы Қабдеш Жұмаділов қазіргі эстарада туралы.
 

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр