Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Зорлау, кісі өлтіру, ұрлық": Алуа Қонарова елде қауіпті екенін айтып ашынды

Белгілі продюсер Алуа Қонарова балабақшадағы жағдайдан кейін мемлекетке наразы екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

 

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында балабақша тәрбиешісінің екі сәбиді ұрып жатқанын бейнежазбамен бөліскен болатын. Оның айтуынша, Instagram бұл видеоны бұғаттап, енді тіпті проюсердің парақшасындағы жазбаларды оқырмандары көре алмайтын етіп тастаған.

«Инстаграм балаларды ұрып жатқан тәрбиешінің видеосын бұғаттап тастады. Қажет емес кезде шектеу қойып отыр. Менің жазбаларымды көп адам көре алмайды», - деп наразылық білдірді. 

Еліміздегі түйінді мәселелерді шешетін уақыттың келгенін жазып ашынды продюсер. Барша халықтың қауіпсіздікте өмір сүргісі келетінін жазып, ашуға булыққан продюсер тыныштықты қадағалау керек екенін жеткізді.

«Бір сөзбен айтқанда, елімізде шешілмеген мәселелер өте көп. Педофилия, зорлау, ұрлық, адам өлтіру. Ішкі саясат пен әлеуметтік мәселелерді қолға алатын уақыт келді. Біз қауіпсіздікте өмір сүргіміз келеді», - деп жазды Алуа Қонарова.

Продюсердің бұл жазбасы желі қолданушыларының арасында талқыға салынды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Инстаграм заблокировал видео с воспитателем, избивающим деток. Не то блокирует😏 в целом, инста сейчас странным образом отписывает моих подписчиков, мои публикации многие не видят. Одним словом, проблем в нашей стране много. Это и педофилия, и насилие, и воровство, и убийства. Время вплотную заняться внутренней политикой и устранением социальных проблем. Мы хотим жить в безопасности.

A post shared by Конарова Алуа Курманалиевна🎶🎵 (@aluakonarova) on

"Сізге саясатқа араласу керек. Әділ билікті орната аласыз", "Ешқашан шындықты айтудан жасқанбайсыз", "Бәрі сіздей болса ғой" деп жарыса пікір қалдырды жұрт.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр