Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биылғы Қазақстан аруы жүлдесінің 1 млн теңгесін қайырымдылыққа жұмсамақ

“Қазақстан Аруы-2015 ” миллион теңгені Ақтау, Астана және Алматы қалаларындағы балалар үйіне аудармақ. Бұл туралы Әлия Мергенбаева туған қаласы Ақтауда журналистерге берген сұхбатында айтты.

модель11

Бұл туралы lada.kz сайты хабарлайды.

Бұл шешімге Әлия анасымен араларында болған әңгімеден кейін келген. Оған дейін сұлу қыз ұтып алған ақшаның барлығын ата-анасына беретінін айтқан еді.

1450160736_img_8459

“Алматы, Астана және Ақтау қалаларының балалар үйінде біз үш бірдей қайырымдылық акцияларын өткіземіз”, – дейді Әлия Мергенбаева намысын қорғаған модельдік агенттіктің директоры Татьяна Коробейникова.

1450160938_img_8452

Он жеті жасар ақтаулық Әлия, ару атағын алғаш рет алып отыр. Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен “Кітап оқымаймын” деген пікіріне Татьяна Коробейника да өз көзқарасын білдірді. Оның пікірінше, кітап оқымау тек ақтаулық арудың ғана емес, қазіргі кездегі жас өскіннің барлығының да басында бар мәселе.

Талқылау