Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биылғы 1, 2, 5, 7-сыныптар білім берудің жаңа жүйесі бойынша оқиды

Биылғы 1, 2, 5, 7-сыныптар білім берудің жаңа мазмұнына көшеді. Басқа сыныптар жаңа бағдарламаға алдағы 3 жылда кезең-кезеңімен қосылатын болады.

20160901083926

Бұл туралы Астанадағы №80 мектеп гимназиясының алғашқы қоңырау салтанатына қатысқан еліміздің Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды 24 арна.

Сонымен қатар 5 күндік оқу жүйесі енгізіліп жатыр. Соған байланысты сабақ өткізу уақыты 5 минутқа қысқартылып, 40 минут болды. Айта кетейік, аталған гимназияда биыл 1-сыныпқа 250 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады. Жалпы бұл білім мекемесінде 1 мың 400-ге жуық оқушы дәріс алады.

Биылғы оқу жылында үлкен өзгерістер болуда. Ең маңызды шешімдер бойынша былтырғы оқу жылында қабылданды. Енді тек қана оны әрі қарай жалғастыратын боламыз. Жұмыстарымыз қиын емес. Мұғалімдер де дайын. Оқулықтар да жеткілікті”, – дейді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

“Жазда біздің 90 пайыз мұғалімдеріміз жаңа білім мазмұнындағы оқу курстарын бітірді. Жалпы біздің мектеп гимназияда мұғалімдердің 4 пайызы біліктілігін арттырып, 1, 2, 3 деңгейдегі бағдарлама бойынша оқып келді. Биылғы жаңашылдыққа информатика, химия, биология мұғалімдері толық дайын”, – дейді қалалық №80 мектеп-гимназиясының директоры Гүлмира Жәрменова.

Тағы да оқыңыз:

Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Малаховтың шоуына қатысты

Полицей әйелді бір ұрып қолындағы баласымен бірге сұлатып түсірді (видео)

Мәдина Сәдуақасова, сізге не болған: Желі қолданушысы әншіні сынап тастады

Меруерт Түсіпбаева: Жұбайын жасыратын жігіттерден жиіркенемін

Талқылау