Биылғы жылғы Құрбан айтты мерекелеу уақыты белгілі болды
Мұсылмандардың ең басты мейрамдарының бірі – Құрбан айт осы жылы 10 қыркүйекке келеді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандарының дін басқармасы хабарлап отыр.
“Биылғы қажылық маусымы тамыз айының 30-нан басталып, қыркүйек айының 22-інде аяқталады. Ал, 10 қыркүйекте ұлық мейрам Құрбан айт мерекесі басталады”, — делінген хабарламада.
Құрбан – араб тілінде “жақындау” дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап іс¬тер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – “шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау” дегенге саяды. Құрбан айт күндері (алғашқы үш күні) шалынатын мал “ұдһия” деп аталады.
Құрбан айттың алғашқы күні Қазақстанда демалыс күні болып есептеледі.
Талқылау