Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл балаларды 1-сыныпқа қабылдауда қандай өзгерістер бар

Биыл ата-аналар баларын оқытатын мектепті өздері таңдай алады.

Ата-анадар e.astana.kz сайты арқылы өтініш беріп, мектеп  таңдай алады, деп хабарлайды Sputnik.

“Баланың қауіпсіздігі мақсатында ата-аналарға жақын маңдағы мектепті таңдауға кеңес береміз. Егер ата-ана нақты бір мектепті таңдағысы келсе, оған 30 тамызға дейін қол жеткізе алады. Балаларды қабылдау жыл бойына жүргізіле береді”, — деді әкімдік қызметкері.

Өтініш беру үшін баланың туу туралы куәлігінің, мектеп басшысының атына жазылған өтініштің және медициналық төлқұжаттың бірінші бетінің сканерленген көшірмесі мен екі 3*4 суретті жүктеу керек.

Егер орын болмаса, тізімдегі басқа мектептерді таңдай алады.

Егер сайт арқылы өтініш бемеген болса, ата-аналар балаларын жақын маңдағы мектепке бере алады.

Білім және ғылым министрлігі бұйрығына сәйкес, республика көлемі бойынша ата-ана баласын оқытанын мектепт таңдай алады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау