Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл Аяз атаның атына 3752  хат келіп түскен

Биыл «Қазпошта» АҚ-на Аяз атаның атына келіп түскен хаттар саны рекордтық көрсеткішке жеткен.

11f46292453b544774b3c79c7684e19e1

«Қазпошта» АҚ жаңа жыл қарсаңында «Аяз атаға хат жаз» деп аталатын акция ұйымдастырған. Сол акция бойынша келіп түскен хаттар саны үш мыңнан асқан. Енді Аяз атаның атынан сыйлықтар мен жаңа жылдық тілектер еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтілді.

Жаңа жыл қарсаңында «Қазпоштаның» облыстық бөлімдері мен Астана, Алматы мен Ақтөбе қалаларындағы «Мега» СОСО –да арнайы Аяз атаға жазылған хаттар қабылдайтын жәшіктер орналастырылған. Қазіргі кезде хат қабылдау аяқталған.

«Осы уақытқа дейін серіктестерімізбен бірігіп құрылған комиссия келіп түскен хаттарды саралады. Аяз атаның атынан сыйлықтар мен ашықхаттар иелеріне жіберілді. Сыйлықтарды Аяз ата мен Ақшақар болып киінген компания қызметкерлері, БАҚ өкілдері табыстайтын болады», –  деп жазылған «Қазпошта» АҚ,  таратқан хабарламада.

«Сыйлықтардың көпшілігі жаңа жылға дейін табысталады. Қалған бөлігі 13-нші қаңтарға дейін тапсырылып болмақ. Өкінішке қарай, келген хаттардың 257-сінің кері мекен-жайы жазылмаған. Оларға сыйлық жібере алмайтын болдық», – дейді компания өкілдері.

Балалардың арманыны орындағысы келген әрбір адам акцияға қатыса алады. 

 

Талқылау