Биыл Астанада жылу мерзімінен бұрын берілуі мүмкін

Сейсенбі, 26 Қыркүйек , 2017 8:01

Астана қаласы әкімдігі қазіргі уақытта елордада энергия көздері, инженерлік желілер мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандары 2017/18 жылдарғы жылыту маусымын бастауға дайын екендерін жеткізді.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Астана қаласында Жылыту маусымын өткізу ережелеріне сәйкес, сыртқы ауа температурасы орташа +10 градус және одан төмен болса, жергілікті  атқарушы орган бес тәулік ішінде жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылдайды. Осы Ережеге сәйкес, елордада жылыту маусымы 27 қыркүйекте басталады. Яғни ертеңнен бастап тұрғындар жылумен қамтамасыз етіледі.

Алайда сыртқы ауа температурасының өсуімен бұл мерзім қайта түзетілуі мүмкін. Дегенмен, қазіргі уақытта әлеуметтік, мәдени нысандарға жылу беру жүзеге асырылып жатыр. Қала әкімдігі ПИК өтінімі бойынша, дайындық паспорттары болған жағдайда жекелеген тұрғын үйлерге жылу беруге дайын.  Ал былтыр Астанада жылыту маусымы 1 қазанда басталған болатын.


Жіберіп алмаңыз:

26 қыркүйекте елдің басым бөлігінде күн ашық болады

Шекaра күзетшілері мен тұрғындардың төбелесінен кейін, бір адам қамауға алынды

Солтүстіктің бас сәулетшісі парамен ұсталды

Атырауда бір топ жолаушы құстың кесірінен жолдан қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар