Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл 17 мыңға жуық қазақстандық Ресейге қоныс аударды

Ресейдегі демографиялық жағдай 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында едәуір жақсарған. Тұрақты халық саны 109,7 мың адамға дейін көбейіп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 0,08%-ға артқан.

img255523_8-2_Danyie_marketinga
Бұл туралы «Известия» газеті жазған.

«Халықтың өсіміне мигранттар себепші. 4,4 есеге артқан миграциялық өсімнің арқасында халық саны тұрақты болып отыр. Бұл бұзылуы қиын, қалыптасқан трендке айналды», – делінген Росстат мәлімдемесінде.

Ресейге қоныс аударған адамдардың басым бөлігі ТМД елдерінен келген. Олардың ішінде 69 мың украиндық, 17,2 мың қазақстандық және 12,2 мың Тәжікстан елінің азаматтары екен.

Алғашқы жартыжылдықта ТМД елдерінің түгелі дерлігінде халықтың өсімі байқалған. Ал адам санының азаюы Белоруссия (53,6%), Армения (48,4%), Молдавия (7,3%) және Украина (на 3,4%) елдерінде тіркелді.

Алайда осы мерзім аралығында Ресейдің өз тұрғындарынан адам шығыны 32,2 мың адамды құрап отыр.

 

Жіберіп алмаңыз: 

Қарапайым халыққа байқамай “сен” деген шенділер сотталуы мүмкін

Ердоған Ыстамбұл әуежайынан халыққа үндеу жолдады

Түркия премьері халықтың мәселесін тыңдау үшін таксиші болды (видео)

 

Талқылау