Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бішкектегі елшілік алдында Қазақстан басшылығына наразылық танытқан ереуіл болды

Қырғызстан астанасы Бішкектегі Қазақстан елшілігінің алдына жиналған бір қауым ел президент Назарбаевтың атына петиция жолдады.

Бұл туралы ҚР СІМ хабарлайды.

“Бүгін сағат 10:30 шамасында Бішкектегі Қазақстан елшілігінің жанында 20-25 адамның қатысуымен пикет өтті. Акцияға қатысушылар қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға қатысты Қазақстан басшылығының атына петиция берген. Біздің пікіріміз бойынша, қырғыз қоғам екі ел арасындағы шекара мәселесіне байланысты дұрыс ақпарат алмаған”, – деді СІМ.

Еске салсақ, Қазақстан мен Қырғызстан 18 қазан күні Астанада шекарадағы жағдайды реттеу бойынша келісімге келген болатын.

“Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 25 қазан күні Еревандағы Евразиялық үкімет аралық кеңесте Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы күшейтілген бақылауға қатысты лайықты жауап берді”, – делінген министрлік хабарламасында.

Тағы да оқыңыз:

Шынымен қазақтар қысым көріп отыр ма?: Депутат Сағынтаевтан Қытайдағы қандастардың жағдайын сұрады

Қарағанды облысында иті иесіне адамның бас сүйегін тауып әкелген

Алматыдағы ХҚКО тұрғындар туралы мәліметті өзгелерге заңсыз таратқан

Талқылау