Бішкекте жігіт қызды кафеге тамақтануға шақырып, 10 мың сом (45 мың теңге) тамақ ақысын төлеместен қашып кеткен. Бұл туралы Бішкек ҚІІБ-ның баспасөз хатшысы хабарлаған.
Бұл туралы svodka.akipress.org басылымы жазған.
Полицияға шағымданған П.А есімді қыз өнін Азамат деген жігіттің Горький мен Радишев көшелерінің қиылысындағы кафелердің біріне тамақтануға шақырғанын, сағат тілі 23:00 шамасында тамақтанып алып, ақысын төлемей қашып кеткені жайлы айтқан.
Полиция қыздың шағымынан кейін аз уақыт өтісімен Бішкектік Э.Азамат есімді жігітті ұстаған. Қазір істің мән-жайы тексеріліп жатыр.