Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бішкекте қырғыздардың ұлттық тағамын жыныс мүшесіне теңеген шетелдік ұсталды

Бішкектің «Манас» әуежайында Қырғызстандағы «Құмтөр» компаниясының қызметкері, австралиялық Майкл Макфит ұсталды деп хабарлады Қырғызстан тау-кен металлургиясы кәсіподағы орталық комитетінің төрағасы Елдар Тәжібаев.

тамаққққ

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлайды.

Оның айтуынша, жаңа жыл қарсаңында Макфиттің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған жазбасында қырғыздың ұлттық тағам түрі шұжықты айғырдың жыныс мүшесіне теңеуі жергілікті қызметкерлердің наразылығын тудырған. Тәжібаев Қырғызстан азаматтарының ар-намысын қорғау туралы сотқа талап-арыз беру мәселесі қарастырылып жатқанын хабарлаған.

Кәсіподақ басшысы Макфиттің іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 299-бабындағы ұлттық, нәсілдік, діни немесе аймақаралық өшпенділікті өршітуге, сонымен бірге азаматтарды дініне, ұлтына, немесе нәсіліне байланысты кемсіту немесе өзгелерден артықшылығын дәріптеуге бағытталған іс-әрекет ретінде бағалануы мүмкін екенін айтқан. Заңда бұл іс-әрекеттер көпшілікке жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған жағдайда, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бішкекте Австралия азаматы ұсталғаны туралы ақпаратты жергілікті полиция әзірше растаған жоқ. Майкл Макфит Facebook желісі арқылы өз жазғаны үшін кешірім сұраған.

Талқылау