Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бішкекте 5 жасар қыз ұры әкесін милицияға ұстап берді

Бішкекте ұялы телефон ұрлау дерегі бойынша күдікті адам қолға түскен.

Безымянный

Бұл туралы svodka.akipress.org хабарлайды.

Патрулдік милиция мәліметінше, 18 мамыр күні Батыс автовокзал аумағындағы қоғамдық тәртіп қызметкерлеріне 1979 жылы туған азамат шағым айтқан. Оның сөзінше 18 мамыр күні 14:30-да оған онша таныс емес Руслан есімді жігіт келген. Ал шағым білдіруші шай қоюға кеткен кезде Руслан оның «Samsung Galaxy» маркалы ұялы телефонын алып кетеді.

Белгілі болғандай күдікті 1974 жылы туған азамат екен. Сұрау алу кезінде ол ешқандай телефонды көрмегенін және алмағанын айтады.

“Осы уақытта үйден күдіктінің 5 жастағы қызы шығып, телефонды ұсынып, оны әкесі әкеліп бергенін айтады”, – дейді милиция қызметкері.

Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша тергеу басталған.

Оқиға:

Қазақстандықтар Астана туған күніне орай 4 күн демалады

Сағынтаев Перуашевтің жастарға жатақхана салу туралы бастамасына қарсы шықты

Елімізде еркектердің төсектегі қуатын арттыратын қоспаға тыйым салынды

Танымал арулардың көздің жауын алатын қазақы нақыштағы көйлектері (фото)

Талқылау