Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бішкек жастары банктердің маңына "тойға несие алма" деп жазып кеткен

Бішкекте бір топ жас банктердің маңында орналасқан жүргіншілер жолына және жерасты өтпе жолдарына «тойға несие алма» деп жазып кеткен.

Бішкектік жастар банктердің маңына «тойға несие алма» деп жазып кеткен

Қырғызстандық жастар ел тұрғындарының той жасау үшін несиені жиі алатынына қынжылады. Айтуларынша, несие алған адамдар осының салдарынан қаржылық құлдыққа душар болады. Кей адамдар өзге мемлекеттерде жұмыс істеп, қарызынан құтылуға тырысатын көрінеді, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

«Жеке өзім несие алып, қарызға батудың орнына қаражат жинау қажет деп санаймын. Өзім дәл осылай істеймін, бәрін алдынала жоспарлаймын. Ақшам болса, той істеймін, болмаса алдымен жұмыс істеп, ақша табамын», - дейді студент Мирэль Асанов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау